Мысырдың оңтүстігінде жауласқан тайпалардың қақтығысы кезінде ондаған адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
«Бени-халяль» мен «Дабудия» тайпаларының арасындағы қақтығыс өткен сенбіден бері жалғасып келеді. Одан бір күн бұрын Асуан провинциясындағы мектеп оқушылары бір-бірімен жанжалдасып, бұл мәселеге ересектер де араласқан көрінеді. Жауласқан екі топ қолдарына қару алып, ашық шайқасты.Үш күнге созылған қақтығыстан 26 адам қаза болып, ондаған азамат жарақат алды. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үй өртенді. Қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар екен.
Жауласқан топтарды тыныштандырмақшы болған полицияның әрекеті нәтиже бермегендіктен, оларға көмекке қарулы күш жасақтары тартылып, Асуан провинциясына коменданттық сағат енгізілді.
Аталған провинция губернаторы Мустафа Юсри мәлімдегендей, билік құрған татуластыру комитеті мен жауласқан топтардың ақсақалдары келіссөз жүргізіп, үш тәулікке провинцияда тыныштық орнатуға шешім қабылданды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Ap.org.
• 08 Сәуір, 2014
Мысырда болған қақтығыстан ондаған адам қаза болды

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12