Аймақтар • 14 Сәуір, 2022

Павлодар облысында ауыл ветеринарлары сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернет желісінің сапасыздығы ауылдық ветеринарлық дәрігерлердің жұмысын қиындатады, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында ауыл ветеринарлары сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр

Фото: Константин Шелков

Бұл туралы облыстық мәслихаттың  XII кезекті сессиясында өңірлік ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов мәлім етті.

- Ауылдық ветеринариялық пункттердің сапалы интернетке қол жеткізу мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету қажет» екенін атап өткен болатын.  Цифрлық теңсіздік ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі жұмыстың жиі бұзылуына ықпал етеді. Сондай-ақ енгізілген деректердің жоғалуына әкеледі, - деді Қ. Байжанов.


Басқарма басшысының айтуынша, облыста 499948 бас ірі қара мал, 563758 бас ұсақ мал және 218004 бас жылқы тіркелген.

2022 жылғы жоспарға сәйкес 162104 бас ірі қара мал, 179465 бас ұсақ мал,   41828 жылқы төлін сәйкестендіру жоспарланған.