«Өрт туралы хабар кеше сағат 18:48-де түсті. Өрт «Авангард-3» шағын ауданындағы 5 қабатты үйде болған. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды. Өрттің салдарынан үй иесі – 73 жастағы қария мен оның 1949 жылғы әйелі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ер адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Әйел 2-дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өртенген пәтерден үй иесінің 46 жастағы ІІ топтағы мүгедек ұлының мәйіті табылды», делінген департамент таратқан хабарламада.
Өрт сағат 19:27-де сөндірілген.