Аймақтар • 15 Сәуір, 2022

Қызылордада пара алды деген күдікпен лауазымды басшылар тергеліп жатыр

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алу дерегі бойынша бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада пара алды деген күдікпен лауазымды басшылар тергеліп жатыр

Қызылорда облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маманына қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Аталған қызметкерлер мемлекеттік аудиторлық тексеру жүргізу кезінде жалпы сомасы 1 280 000 теңгені құрайтын пара алу дерегіне жол берген. Бұл ретте Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тексеру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жоғарыда аталған тұлғаларға 50 000 теңге сомасында пара берген», деп мәлім етті Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Ведомство мәліметінше, сот Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды адамдарына қатысты күзетпен ұстау шарасын санкциялаған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.