Хоккей • 15 Сәуір, 2022

Қазақстандықтар әлем чемпионатында Жапонияны жеңді

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пьештяниде (Словакия) шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының кезекті матчы өтті. Бірінші дивизионның «А» тобында Қазақстан құрамасы топта соңғы орында тұрған Жапонияның жасөспірімдер құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар әлем чемпионатында Жапонияны жеңді

Бірінші кезеңде-ақ Тайсетсу Юшио мен Фуджи Сузуки жапон хоккейшілеріне басымдықты өз қолдарына алуға мүмкіндік берсе, екінші жиырма минуттық кезеңде Темірлан Қитаров есепті минимумға дейін қысқарта білді.

Соңғы кезеңнің 41-минутында Всеволод Логвин кездесуде таразы басын теңестірсе, 47-минутта Русла Оспанов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Жапон хоккейшілері таразы басын теңестіргенімен, Нұрлан Алдияр өз командасының төртінші голын соғып, Ұлттық құрама 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы ойында Қазақстан Данияны 4:2 есебімен жеңген еді, қазір команданың қоржынында алты ұпай бар.