Ресейдің Скопьедегі елшісі Сергей Баздникин жұма күні Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған нота табыс етілді.
Алты дипломаттың барлығына Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қайшы әрекеттері үшін айып тағылды. Оларға алдағы бес күн ішінде Солтүстік Македониядан кету бұйырылды.
Наурызда Солтүстік Македония билігі дәл осындай сылтаумен бес ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.