Аймақтар • 16 Сәуір, 2022

Шымкентте 200-ден астам мас жүргізуші жауапқа тартылды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам мас жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 200-ден астам мас жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент қаласының ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мегаполистің автомобиль жолдарында тәулік бойы кезекшілік етеді.

Жылдың басынан бері қала көшелерін патрульдеу барысында тәртіп сақшылары мас күйінде көлік құралын басқарған 243 жүргізушіні анықтады. Оларға қатысты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.