08 Сәуір, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ интеграция үдерісін дамытады

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08-04-b.SagintaevБүгін, 8 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. Брифингке Экономикалық интеграциялар жұмысының министрі Жанар Айтжанова, Ауыл шаруашылығының министрі Асылжан Мамытбеков, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. «Еуразиялық экономикалық одақ құру ұсынысы осыдан 20 жыл бұрын біздің Мемлекет басшысы тарапынан Мәскеуде жасалғаны белгілі. Өтпелі кезең артта қалып бара жатқан қазіргі уақытта, осы күнге дейін күн тәртібінен түспеген Еуразиялық экономикалық одақ құру шарасы қайта көтеріліп, оның құрылуының алғашқы кезеңі аяқталуға таяу. Бұйыртса, осы айдың соңына дейін тиісті құжаттар толық әзірленіп болса, келер мамыр айының соңын ала Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Мемлекет басшылары Одақты құру жөніндегі шартқа қол қояды»,-деді Б. Сағынтаев. Б. Сағынтаев сөз орайында  еліміздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде электронды ақпарат желілерінде осы мәселе жөнінде көптеген пікірлер айтылғанына да тоқталып өтті. Оған қолдау жасап отырғандар да, қарсылық бiлдiрiп жатқан азаматтар да бар. ЕЭО туралы шарттың айналасындағы кейбір түсiнiспеушiлiктер ақпараттардың толыққанды болмауынан да туындауы ықтимал. Сондықтан баяндамашы көңiлге күдік ұялататын осындай пікірлерге байланысты Еуразиялық экономикалық одақ – тек қана экономикалық интеграция екенін қадап айтты. Ең бастысы, ЕЭО саяси ұйым емес. Нұрбай Елмұратов. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Ortcom.kz.