Жамбыл облысының Тараз қаласында тұңғыш рет «Қазақ күресі» клубы ашылады. Бұл туралы Munara.kz хабарлады.
Турасын айтқанда, бұл клуб Тараз шаһарында ғана емес, Қазақстан бойынша алғаш рет ашылғалы отыр. Қазір осы клубтың боз кілемінде белдесуге ниет білдірген балуандардың қатары 1300-ден асты. Алайда, бұл жерде әр аймақтан іріктелген мықтылар ғана жаттыға алады.
Қазіргі кезде облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жаңа клуб жөнінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ал келер жылы «Қазақ күресі» клубының іргетасын қалау жоспарланған.«Дәл қазір клубтың іс-қағаздары мен материалдық базасы талқыланып жатыр. Ал балуандар «Тараз-Арена» кешенінде уақытша шынығатын болады. Келесі жылы жаңа нысанның құрылысы басталады. Сол кезде клуб толықтай өз жұмысына кіріседі.Негізі, мұндай клуб бұрын-соңды елімізде ашылған емес. Ал алғашқы қазақ күресі клубын Әулиеата өңірінде ашу мәселесіне келер болсақ, біз бұл ұсынысқа бір ауыздан қолдау білдірдік. Себебі, «Еуразия-Барысы», «Қазақстан-Барысы» Бейбіт Ыстыбаевтай балуанды шығара білген Жамбыл жерінде қазақ күресі мықтап дамыған. Сондықтан бұл клубты болашақ «чемпиондар мектебі» десек, толық негіз бар, – дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Munara.kz.
Фото: www. Avestnik.kz.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12