Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы ел тарихында тұңғыш рет командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңіне жолдама жеңіп алды. Жерлестеріміз елордадағы Ұлттық теннис орталығында өткен тартысты ойында әлемнің экс-бірінші ракеткасы әйгілі Анжелика Кербер бастаған неміс қыздарымен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.

Іріктеу кезеңінің жеребесі бойынша жарысты Юлия Путинцева мен әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Анжелика Кербер бастап берді. Екі теннисші де бұған дейін бір-бірімен екі рет кездесіп, екеуінде де А.Кербердің мерейі үстем болған. Кезінде әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте көш бастаған Кербер 2018 жылы Люксембургте өткен турнирде Ю.Путинцевамен алғаш рет кездесіп, екі сетте 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетсе, араға жыл салып екеуі 2019 жылы Индиан-Уэллсте қайта жолықты. Жерлесіміз бұл жолы да неміс қызына еш қарсылық көрсете алмады – 6:0, 6:2. Ал елордадағы үшінші кездесуде Юлия Путинцева өз жанкүйерлерінің алдында Керберді тізе бүктіріп, екі жеңілістің есесін қайтарды.
Кездесудің бірінші партиясын қарсыластар брейк алмасумен бастады. Содан кейін Кербер қарқынын арттырып, «ә» дегеннен есепті 5:1-ге жеткізді. Кейінгі екі геймде Ю.Путинцева брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 6:3. Есесіне екінші сетте жерлесіміз тамаша ойын көрсетіп, бірінші сеттегі қарсыласының нәтижесін қайталады. Таблодағы есеп 1:1 болған мезетте Юлия брейк жасай білді. Тағы бір брейкпен өзінің геймін де алды – 5:1. Бұдан соң Анжелика есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева қатарынан үш геймде жеңіске жетіп, 3:0 есебімен алға кетті. Әрі қарай да ойынды өз бақылауында ұстаған қазақстандық теннисші сегізінші геймде брейк жасап, ойынның нүктесін қойды – 6:2. Осылайша, алғашқы кездесуден кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.
Ұлттық құрама сапында 15-ші жеңісіне қол жеткізген Юлия Путинцева қазақстандық теннисшілер арасында ең көп жеңіске жеткен спортшы атанып, рекорд жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Қазақстан әйелдер құрамасының қазіргі капитаны Ярослава Шведова мен Зарина Диасқа тиесілі еді. Олар бүгінге дейін ұлттық құрама сапында 14 мәрте жеңіске жеткен болатын. Юлия Билли Джин Кинг додасында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
– Бірінші болып сынға түсу қашанда қиын. Бастапқыда абыржығандықтан, өз-өзіме келе алмадым. Бірінші сеттің соңында соққыны сезіну керектігін түсіндім. Сосын Анжеликаның осал тұсын табуға тырыстым. Ашық қалған жерлерді көздеп, оны көбірек жүгіртуді ойладым. Бұл тактикам жүзеге асты. Мұндай матчта әрбір ұпай маңызды. Ертеңгі ойында да барымызды саламыз», деді Ю.Путинцева матчтан кейін.
Путинцева-Кербер кездесуі аяқталған соң кортқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен германиялық Лаура Зигемунд шықты. 2019 жылы АҚШ-тағы жарыстарда Е.Рыбакина қарсыласын екі мәрте жеңсе, 2021 жылы германиялық теннисші Дохада бір мәрте Еленаға есе қайтарған еді.
Е.Рыбакина үшін Лаура Зигемундпен өткен бұл жолғы матч өз карьерасындағы аса жеңіл кездесудің бірі болды десек, қателеспейтін шығармыз. 34 жастағы Л.Зигемунд Германия құрамасындағы аса тәжірибелі теннисшінің бірі болса да, отандасымызға тек бір геймде ғана қарсылық көрсете алды. Елена бірінші партияда қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 22 минутта 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Елена лезде таразы басын теңестіріп кетті. Кейіннен қатарынан бес геймде үстемдік танытқан жерлесіміз 6:1 есебімен ойынды аяқтады. Сөйтіп, бірінші күнгі екі кездесуде де жеңіске жеткен Қазақстан құрамасының теннисшілері 2:0 есебімен алға шықты.
– Жанкүйерлер таблодағы есепті көріп, ойын оңай болды деп ойлайтын шығар. Бірақ өз елімде, жанкүйерлеріміздің алдында бірінші рет ойнаған соң аздап қобалжу болды. Десе де, бүгін спорт кешеніне жиналған жанкүйерлерге жақсы ойын көрсете алдым деп ойлаймын. Әрине, Лаура жарақатынан айығып, кортқа енді оралғандықтан, ол күшін толық көрсете алмаған болуы керек. Юлия Путинцева мен Анжелика Кербердің ойынын көре алмадым. Бірақ Кербердің қалай ойнайтынын жақсы білемін. Біз әлі күнге дейін кортта кездеспегенбіз, әйткенмен бірге жаттығып жүрдік. Ертең жеңіске жетіп, қазақстандық теннис жанкүйерлерін қуантуға тырысамын, – деді Е.Рыбакина.
Ертесі күні кортқа Қазақстан мен Германияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Анжелика Кербер шықты. Өз елінің үздік теннисшілері арасында өткен ойынның бірінші партиясында таразы басы жетінші геймге дейін теңселіп тұрды. Жетінші геймде германиялық теннисші брейк жасап, есепте алға шықты – 4:3. Осы қарқынын жоғалтпаған А.Кербер бірінші партияда жеңіске жетті – 6:4. Екінші сетте Кербердің қателігінен кейін Рыбакина есепте алға шығып қана қоймай, бұл партияны өз еншісіне жазды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте де қарсыластар ұзақ уақыт бір-бірінің осал тұсын таба алмай, жетінші геймге дейін тең ойнады – 3:3. Сегізінші геймде Кербер матчқа доп бергенде Рыбакина брейк жасап алға шықса, кейінгі екі геймде де қатесіз ойнап, 7:5 есебімен қарсыласынан жеңісті жұлып алды. Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның тамаша жеңістерінен кейін Қазақстан құрамасы тарихта бірінші рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты.
Ал ештеңе шешпейтін жұптық сында Анна Данилина мен құрамаға алғаш қосылған Жібек Құламбаева неміс қыздарына 1:2 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасынан бөлек, аталған турнирдің финалына жолдама алған 12 елдің қатарында Аустралия, Польша, Бельгия, Словакия, Канада, Испания, Чехия, Швейцария, Италия және АҚШ теннисшілері бар. Ал соңғы 12-ші жолдаманың иегері сәл кейінірек қосымша ойындар арқылы анықталады.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар