Спорт • 18 Сәуір, 2022

Қоланы күміске алмастырды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесу спортынан Францияда мәресіне жеткен кезекті Әлем кубогы жарысында Қазақстан ұлттық құра­масының өкілі Руслан Құрбанов отандық семсерлесу тарихында алғаш рет күміс медаль жеңіп алды.

Қоланы күміске алмастырды

Былтырғы Токио Олимпиадасына қаты­сушы Р.Құрбанов – бұған дейінгі ірі жа­рыстарда ел қоржынына жүлде салып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген тәжірибелі спортшының бірі. Ол бұған дейінгі Әлем кубогы додасында екі мәрте қола медаль жеңіп алған болса, енді, міне, өз нәти­жесімен Қазақстан құрамасының же­тістігін жаңартып, күміс жүлдеге қол жет­кізіп отыр.

Отандасымыз Париждегі бәсекесінің ширек финалында мысырлық Мохаммад Эльсаедті жеңсе, жартылай финалда жарыс қожайыны Александр Барденеден басым түсті. Ал финалда тағы бір франциялық спорт­шы Лопез Портье Нельсонмен шебер­лік байқасып, тартысты өткен кездесуде есе жіберді.