Finprom сарапшыларының мәліметінше, жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 4,3%-ды құрады.
«Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2%-ы немесе 48,7 мың адам тәуелсіз қызметкерлер; 22,6%-ы немесе 15,9 мың зейнеткер - жалдамалы қызметкерлер. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, 46 адам шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары және акционерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері», делінген Finprom зерттеуінде.
Салалық бөліністе зейнеткерлердің көпшілігі - 73% немесе 51,3 мың адам агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істеген. Сондай-ақ көтерме сауда, ритейл және авто жөндеу, сондай-ақ көлік-логистика саласы да атап өтілді.