Қазіргі көрсеткіш 2014 жылдан бергі көрсеткішпен салыстырғанда ең төмен болып есептеледі. Бұл ретте құрылыс динамикасы пайдалануға берілген барлық объектілердің жалпы санынан 90-95%-ын құрайтын салынған тұрғын үйлер көлемімен анықталады. Бұл ретте баспана бойынша көрсеткіш төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 9 044 тұрғын үй салынса, биылғы жылдың аталған кезеңінде7 764 нысан бой көтерген. Бұл да соңғы 8 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Осы орайда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Пайдалы ауданы 2,44 млн шаршы метрді құрады (-0,8%). Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны 23330 (-1,4%).
Бұл салынған пәтерлердің орташа ауданы өскенін көрсетеді. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 103,9 шаршы метр болса, биыл оның көлемі 105 шаршы метрге тең.