Қолжаулық болу – біреудің илеуінде, ықпалында жүру, әлдекімнің ермегіне айналу, күштінің көлеңкесінде жүріп күнелту, күресінге тасталса да көндігу. Мұндайға есті жұрт оңайлықпен көнбесе керек.

Тұтас ұлттың өзгенің қолжаулығына айналудан артық қасірет жоқ. Өзгенің ықпалынан шыға алмай, оның илеуіне көндігу – біреулер үшін тірі қалудың, тіршілігіңді амалдап жалғастырудың жалғыз жолы ма немесе шарасыздығыңды мойындап, құрдымға құлауға, күштінің құлқынына жұтылып, жойылуға бет алу ма? Бәлкім, ол екінші біреулер үшін өзгенің құрсауын бұзып-жарып шығу ниетінде іштей ширығып, күш алу үшін уақыттан ұту, сәтті кезегін сабырмен не тағатсыздана күту үдерісіндегі толғанысты кезеңнің сыртқы сипат-көрінісі ме?
Осы екі күрделі сауалға тұщымды жауап іздеуге мәжбүр жұрттың қарасы қалың. Бұлай болуының себебі – иілдіру, елпеңдету, бағындыру мен тұсап ұстау тәсілімен өзгені теспей сорып үйреніп қалған, дәніккен әрі құныққан, қорқаулығы мен қараулығы басым елдер өздерінің империалистік қасаң көзқарастарын ауыр әрі ескі зеңбіректей «сүйретіп» әкеліп, ХХІ ғасырдың төбесінен төндіріп, онысын ұлы идея ретінде жоғары бағалаудан шімірікпей отырғанында.
Сан алуан жобаларының ішкі қалтарыс-бұлтарыстарына, трансұлттық компанияларының қоржын-қосқалағына, олардың алыс-беріс, барыс-келіс сынды іс-қимылдарының өзегіне, байланыс тамырларына жымысқы мүдделерін жасырған мемлекеттердің саяси күштерінің әлсіздерді бөлісу, нарықтық алаңдарға таласу, үстемдік жасау ауқымын кеңейту, қысқасы қолжаулық ету бағытындағы бәсекелестігі қыза түскен бүгінгі кезеңде арқаны кеңге салу қиын.
Біреудің илеуіне мойынсұнудан, ықпалында қалудан басқа амалы жоқ, солай бола тұра құрдымға құлаудың алдында тұрғанын мойындағысы келмей, дұрысы шындыққа тура қарауға дәті шыдамай жүргендердің және жұтылуға, өзгеге еріксіз сіңіп кетуге бет бұрғаннан өзге жолы қалмағандардың табиғи түрде жыл сайын жаңартылып отыратын статистикасын құпия санамай, ресми түрде шімірікпей жариялайтын кезең де келіп қалғандай көрінеді. Осынау жағымсыз үдерістерді жан-тәніңмен сезіну әркімге әрқалай әсер етер, бірақ жұтылу қаупі анық төнген ұлттың көзі қарақты өкілдері үшін бұл оңай соққы емес.
Құдайға шүкір, біздің таңдауымыз белгілі. Ол – ширығу, алға ұмтылу, кіммен болсын терезе теңестіру. Біз өзгеге жұтылуға, қолжаулық болуға мойынсұнған, үмітсіздікке бой алдырған ел емеспіз. Өз амбициямыз бар.
Рас, кезінде Кеңес Одағының құрамында болған шағымызда тірі қалудың, тіршілігімізді амалдап жалғастырудың қамын ғана жеумен болдық. Бұл үмітсіздік елесі езеуреген кезеңнен, көңілсіз де жабығыңқы арнадан жалт беріп, кенеттен дербестіктің дәмін татқан кезден бері сыртқы ықпалдардың тырнағынан жарақат алып қалмау жағын ойластыра әрі іштей ширыға жүріп, жетіліп келеміз. Бірақ тосын мінез көрсетіп, желке күжірейтер шаққа келгеніміз жоқ. Сондықтан дәл қазіргі оң ниетті мен бүкір пиғылдының аражігін ажырата білу қиын кезде айтаққа еру үлкен әбестік болар еді (айтаққа адам емес, ит ермей ме). Отыз жылда бәрі бола қоймады деп кіжінгеннен ештеңе өнбейді, енді бізге өткен шақтағы қателіктерімізден сабақ алып, оны алға дамудың алғышарты ретінде қарастыру маңызды.
Бүгінде мемлекет, атқарушы билік өзі орындауға тиіс барлық міндетті шынайы түрде мойнына алу үрдісі анық байқалады. Бұл жерде ел алдындағы жауапкершілік жүгін лайықты көтеруге бет бұру үрдісі елжандылықпен ерікті түрде жүзеге асып жатыр ма не уақыт талабына сай еріксіз жағдайда қолға алынуда ма, ол жағы маңызды емес. Ең бастысы, формальды, шығарып салма, сыртын жылтырата салу, өтірік есеп беріп «құтылып кету» сынды қоғамдағы келеңсіз көріністердің жолы кесілуде. Демек халық пен биліктің бір арнада, ортақ мүдде орайында үйлесім табуына бетбұрыс жасалуда.
Халқының сенімі мен әлеуетіне арқа сүйеген билігі бар мемлекет ешкімнің қолжаулығы болмайды. Ал билігі өзіне сенген, өзінің ресурсына жүгінген халық қашанда мемлекеттің лайықты тірегі, жалаң, жалған емес, шынайы, риясыз пейілді патриоты болады. Міне, бүгінде осы аталған мәселелер күн тәртібіне шығарылып отыр. Бұл өз кезегінде біздің келешекте амбициясы жоғары ұлт, сырттай терезесі тең ретінде санағандай көрінгенмен, іштей дегеніне көндіргісі келіп тұратындарға батыл тойтарыс беруге мүмкіндігі бар ел ретінде қалыптасуымызға алғышарт болады деп ойлаймыз.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар