Пікір • 19 Сәуір, 2022

Тікелей диалогтың маңызы зор

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен өзімді Қазақстанның адал досымын деп есептеймін. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Мемлекеттің осы жылдағы басты құжаты көңілімнен шыққандықтан Қазақстан көшбасшысының реформаларына байланысты кейбір ойларыммен бөліскенді жөн санадым.

Тікелей диалогтың маңызы зор

Президент ұсынған реформалар елдегі саяси процестерді дамытуға, соның ішінде суперпрезиденттік бас­қару нысанынан бас тартуға, Пре­зидент пен Парламенттің тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге, партия­лар үшін тіркеу шегін төмендетуге бағыт­тал­ған­дығын маңызды деп санаймын.

Көппартиялық мәдениетті дамыту, азаматтық қоғаммен диалогты кеңей­ту бастамасы, мемле­кет бас­шысының өз хал­қы­ның сені­мі мен қолдауына ие болуы, қоғам мен билік электораттың мәсе­лелерін ашық, тікелей диалогта ше­шуі ел дамуы үшін үлкен маңызға ие.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың саяси бастамаларын, оның «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» ұста­ны­мын іске асыру да әлеуметтік-эко­но­микалық жағдайды жақсартуға, мак­­ро­экономикалық тұрақтылықты қам­та­масыз етуге ықпал ететініне сенімдімін.

Словакияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі ретінде жаңа Қазақ­станды қолдаймын және Қазақстан халқына амандық тілеймін.

 

Душан ПОДГОРСКИ,

Словакияның 2005-2011 жылдардағы Қазақстандағы елшісі