Бизнес • 19 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді

Тимур Жақсылықовтың айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалардың нәтижесінде 1630 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері зардап шеккен, ал шығын сомасы шамамен 38,6 млрд теңгені құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Үкімет жедел шаралар қабылдады, атап айтқанда:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
  • Жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • Салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.

«Бүгінгі күні 1491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды», деді Т. Жақсылықов.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше