Кеше түнгі 2-нің шамасында Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты. Шұғыл әрекет жасаған ТЖД мамандары 120 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Нәтижесінде таңғы сағат 5-тер шамасында қызыл жалын сөнді.
Шатырдың 720 шаршы метрі жанып кеткен. Сондай-ақ 40 тұрғынға, жақын маңдағы мектептен төсек орын дайындалып, сонда орналастырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен шақырылған арнайы мамандар, өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.