Экономика • 19 Сәуір, 2022

Доллар бағасы 6 теңгеге арзандады

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар бағасы 6 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 443,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 сәуірдегі ресми бағамы 449,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 447,19 теңге, сату - 450,71 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,21 теңгеден сатып алынып, 449,06 теңгеден сатылып жатыр.