2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпия ойындарына орай, қазақстандық спортшылардың дайындығына баса назар аудару қажет. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс кеңесінде осындай тапсырма берді.
Жиналысқа күрес, дзюдо, таэквондо (WTF), ауыр атлетика федерацияларының жетекшілері мен бапкерлер құрамы қатысты. «Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеге небәрі екі жыл ғана қалды. Сондықтан да сіздер отандық спортшыларды Олимпиада ойындарына мейлінше мықтап дайындауларыңыз қажет», деді Конфедерация төрағасы.
Отырыс барысында Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының бас жаттықтырушылары есеп беріп, алдағы жоспарларын ортаға салды. Ал федерациялар президенттері биыл Қазақстанда өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатын (23-27 сәуір), ауыр атлетикадан лицензиялық әлем чемпионатын (4-16 қараша), таэквондодан (WTF) Бүкіләлемдік Гран-при жарысы (29-31 тамыз) және дзюдодан болатын әлемдік Гран-при турнирін (қазан айы) өткізудің дайындық барысын жеткізді.
Сондай-ақ, жиын барысында ұлттық құрама командаларды жаттығу және жарыс барысында кешенді-ғылыми топтардың мамандарымен қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.
Федерацияларға аймақтарда мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждердің материалдық базаларын нығайту, сол оқу ордаларындағы бапкер-ұстаздар қауымының біліктіліктерін арттыру арқылы бұқаралық және жоғарғы жетістіктер спортын дамытуға баса назар аудару тапсырылды. Мұндай іс-шаралар дені сау ұрпақты қалыптастыруға және ұлттық құрамаларға қажетті кадрлық резервті дайындауға септігін тигізбек. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемдік спорт аренасында бұдан да табысты өнер көрсетуіне мұрындық болары сөзсіз.
Жігер ӘЗБЕРГЕНОВ.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12