Айта кетейік, осыған дейін, яғни, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматының бірқатар мекемесінің электронды мекенжайларында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Осыған байланысты арнайы жүргізілген жедел іздестіру шараларның барысында Қостанай облысы, Жітіқара қаласының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол осы қаладағы мекемелердің бірінде IT маманы болып қызмет еткен.
Ол өзінің ақпаратық технологиялар саласындағы біліктілігі мен өзге де технологияларды пайдалана отырып, елорда мен Алматының ірі нысандарының мекенжайларына хабар таратқан.
Күдікті өзінің әрекетін бұзақылық ниетімен істегенін мойындады және ол қамауға алынды.
Енді ол ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» негізінде (5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе осы мөлшердегі сомаға түзету жұмыстарына жегу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу мен осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) жауап береді.
Аяна Тоғанбек