Жетісу-4 шағынауданындағы ақша айырбастау пунктінде қарақшылық шабуыл жасалды.
«Белгісіз біреулер валюта айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың рюкзактары бос болған. Бірақ шабуылдаушы басқаша ойлады. Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Абырой болғанда, ер мен әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал бұл уақытта шабуылдаушыны арнайы тергеу-жедел тобы іздестірген.
Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Қазір ол Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр», деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.