Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Қостанайда базардан сәбидің денесі табылды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда ер адам «Бүркіт» базарынан жаңа туған қыздың денесін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда базардан сәбидің денесі табылды

«19 сәуірде сағат 17:00 шамасында «Бүркіт» базарының аумағында 37 жастағы ер адам жаңа туған сәбидің денесін (пакеттен) тауып алды», деп мәлімдеді Қостанай облысының Полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабында жазылған «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Полиция халыққа осы факт бойынша белгілі ақпаратты хабарлауды сұрады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар