Спорт • 19 Сәуір, 2022

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

130 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты. 

Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырған болатын. 

Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнін бір алтын, үш күміс және бір қола жүлдемен аяқтады. 

Аманғали Бекболатов (55 келі), Мирамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов күміс медальді еншілесе, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел қоржына Азия чемпионатының қола медалін салды.

Аяна Тоғанбек