Білім • 19 Сәуір, 2022

Қазақстанның үш жоғары оқу орны Times Higher Education рейтингіне кірді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның үш жоғары оқу орны Times Higher Education рейтингіне кірді

«Бұл көрші елдермен және тұтастай алғанда көптеген шет мемлекеттермен салыстырғанда жақсы жетістік», деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министр отандық білім беру жүйесінің сапасын жалпы халықаралық рейтингтер бойынша бағалауға болатынын түсіндірді.

«Олардың бәсекеге қабілеттілігі өте жоғары деп айта аламын. Мысалы, егер колледждер бойынша WorldSkills чемпионатының қорытындыларын қарайтын болсақ, онда Қазақстан 60-тан астам қатысушы елдердің арасында 50-орыннан 14-орынға дейін көтерілді. Көріп отырғандарыңыздай, жақсы динамика бар», деді Асхат Аймағамбетов.

2016 жылы QS халықаралық рейтингісінде барлығы 8 университет, бүгінгі таңда Қазақстаннан 14 ЖОО болғаны атап өтілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда инновациялық білім беру бағдарламалары енгізілуде.

Аяна Тоғанбек