Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Павлодарда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

«Павлодар облысының кәсіпкерлік және Индустриялық даму басқармасы Павлодар әкімдігімен бірлесіп бөлшек сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында сауда үстемесінің 15%-дан асуы тіркелген жоқ, сондай-ақ тұрақтандыру қорынан өнімнің бар-жоғы тексерілді», деп хабарлады ведомстводан.

Мысалы, тұрақтандыру қорындағы сауда желілерінің бірінде «Заречное» күнбағыс майы 772 теңге, күріш — 277 теңге, қант — 369 теңге, тұз — 54 теңге, картоп пен сәбіз бағасы — 125 теңге, сүт — 233 теңге болды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады», деп толықтырды ведомстводан.

Аяна Тоғанбек