Қазақстанның банк секторы тағы бір елеулі өзгеріс кезеңіне таяп қалды. Әрине, сөз ресейлік еншілес банктер жайлы. Осыған дейін «Альфа банктің» акционер іздеп жатқанын, ал «Сбербанк» кредиттерін «Қазақстан халық банкінің» сатып алғанын естідік. Көп ұзамай қос банктің де сатылымға қойылғаны анықталды.

Сенімді дерек көздерінің мәліметі бойынша, ресейлік еншілес қаржы институттарын сатып алуға басты үміткер – Freedom Finance банкі. Frank Media ақпарына сүйенсек, Freedom-нан бөлек, «Альфа банктің» еншілес банкін сатып алуға «Евразиялық банк», Bank RBK және Orbis автодилері қызығушылық танытып отыр.
Ал «Сбер» өзінің 733,9 млн доллар көлеміндегі бөлшек несие портфелін Halyk Bank-ке сатты. Соған қарамастан сарапшылар «Сбердің» жағдайы қиындау екенін, әзірге оған тек Freedom Finance ғана қызығып отырғанын, келіссөздер жүріп жатқанын айтады.
«Freedom Finance капитал 800 млн доллар болған жағдайда акционерлерге 200-300 млн доллар төлеуге дайын. Бірақ мәміле тек Қазақстан қадағалаушысының қолдауымен жасалады. Қиын жағдай туа қалса «Сбербанктің» еншілес банкіне 1-1,5 млрд долларға дейін өтімділік керек болады», дейді сарапшылардың бірі. Айтпақшы, келісім толық аяқталу үшін OFAC (АҚШ Қаржы министрлігінің қаржылық барлаумен айналысатын бөлімі – ред) лицензиясы да қажет боларын айта кетейік.
Қазақстанда жұмыс істейтін тағы бір ресейлік мемлекеттік банк ВТБ банк (Қазақстан) біздің нарықтан кетуді жоспарламаған сияқты. Ал кей сарапшылар Freedom Finance-нің «Сбер» мен «Альфа банк» еншілес ұйымдарын сатып алу туралы ақпарат нарықтың реакциясын білу немесе сұранысты жасанды түрде өсіріп, сатылым құнын қымбаттату үшін жасалған әдіс болуы мүмкін деген болжау айтады.
«Тартымды активтерді «нарық жағдайында» сатып алу әдетте меншікті капитал сомасынан жоғары болады. Бірақ біздің банк секторында жеңілдікпен жасалуы мүмкін. Әсіресе, бұл санкцияға іліккен банктерге қатысты. Олардан тез арада санкцияны қайта алып тастау кепілі жоқ болғандықтан инвесторлар үшін де ресейлік банктерді сатып алу тиімсіз болмақ және сатып алушы инвестор немесе компания АҚШ-та тіркелген болса. Мысалы, Freedom Holding Corp америкалық Nasdaq биржасында сауда жасайды. Яғни мұндай мәмілеге бару үшін оларға міндетті түрде OFAC лицензиясы қажет болмақ. Жақсы активтерді басқа банкке сатқаннан кейін ресейлік еншілес банктердің портфель сапасы төмендейді. Олардың активтеріне қызығатын Halyk Bank ғана емес. Көптеген банк мейлінше сапалы активтерді немесе сатып алушы банктердің портфеліндегі қарыз алушыларды сатып алуға тырысады. Ресейлік банктер неғұрлым инвестор іздеген сайын, олардың құны да соғұрлым төмендей бермек», деп пікір білдіреді RiskTakersKZ сарапшылары.
Freedom Finance расымен ресейлік еншілес банктерге қызығып отыр дегеннің өзінде, оларды асырай алатындай әлеуеті жоқ деп біледі канал эксперттері.
«FF Kassa Nova-ны сатып алды, бірақ әлі күнге түсінікті бизнес модель қалыптастыра қойған жоқ. Оларда белсенділіктің басым бөлігі бағалы қағаздар бағытына жұмсалып жатыр. Кішкентай банктің орнықтылығын қамтамасыз ете алу үшін акционерде қажетті капитал болуға тиіс. Бұл – акционер ауыстыруға байланысты қадағалаушының келісімін алар сәттегі ең басты шарт. Егер осы жағдайлар қаңтарға дейін болған болса бәлкім, Jusan өз қалауын көрсетер ме еді. Бірақ дәл қазір олардың өз қиындығы өз басына жетіп артылады. Ресейлік банктердің жаңа акционері кім боларын тап басып айту қиын», дейді RiskTakers.
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Ұқсас жаңалықтар