09 Сәуір, 2014

Багира ұрланған ақшаны тауып берді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысында ішкі істер департаментінің Багира есімді иті кезекті қылмысты ашуға тікелей көмек көрсетті. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, 7 сәуір күні Сандықтау аудандық полициясының кезекші бөліміне Қы­зыл Қазақстан ауылының 25 жасар тұрғыны жергілікті ЗТЖМО ғима­ратында белгісіз біреулердің сөм­кесінен ақша ұрлап кеткені туралы шағым түсірген. Ал ұрланған ақша­ның көлемі 70 мың теңге болып шықты. Дабыл негізінде оқиға орнына­ ­жедел жеткен полиция қызметкер­лері іске шұғыл кірісті. Олардың қатарындағы жылдам тергеу жүр­гізу тобының инспектор-кинологы старшина Иван Мищенко іздеуге Багира есімді итін қосып жібере­ді. Ал із кескіш итке күдіктіні табу­ға бірнеше минут керек болған. Ол ұрлық жасағаны аңғарылған Туч­ное ауылының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Руслан ИГІЛІК.