20 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстікте – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, дауыл, батыста шаңды дауыл болады. Сонымен бірге барлық өңірде желдің күшеюі байқалады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұманды болады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болжанады. Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел болжанады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыс орталығында жел 15-20 м/с артады. Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.
Сонымен бірге Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.