Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Биыл қазақстандықтарға 104,6 млрд теңге жәрдемақы төленді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 104,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қазақстандықтарға 104,6 млрд теңге жәрдемақы төленді

2022 жылдың наурыз айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,7 млрд теңге жұмсалды.

Бүгінгі таңда елімізде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 525 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 174,3 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 52 609 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 957 теңгені құрады.