Ұсталған адамдар тобы өздерінің іс-әрекетімен мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам сомада залал келтірген. Олар заңды рәсімдерді айналып өтіп қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып, қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарлар іс жүзінде тиеп-жөнелтілмей бақылаудағы 35 кәсіпорыннан жалған шот-фактуралар жазып берген.
Сот барлық алты кінәліні нақты мерзімге бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Барлық айыпталушылар 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметте басшылық лауазым атқару құқығынан айырылды.
Төленбеген салықтар камералдық бақылау мен салықтық аудит шеңберінде контрагенттерден толық көлемде өндіріп алынады.