«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен 41 антенна-діңгек орнату туралы келісімге қол жеткіздік. Өкінішке қарай, ұялы байланыс операторлары өткен жылғы уәделерін толық орындамаған. Мысалы, «Мобайл сервис» операторы интернетті 33 ауылға тартуы тиіс болды. Бірақ іс жүзінде тек жетеуіне тартқан. «Скартел» операторы 29 ауылға ғаламтор тартуды жоспарласа, тек 13-іне қосты. Бұл байланыс операторларының үлкен кемшілігі», деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңірде антенна-діңгектер орнатылатын аумақтар анықталған. Жобалық-сметалық құжаттама да дайын.
«2022 жылы облыстың жүзден астам ауылына интернет таратылуы тиіс. Бұл жұмыстарды бақылайтын тұрақты комиссия құрылды», деді Д. Ахметов.
Аяна Тоғанбек