Бұл туралы компанияның сайтында жарияланған.
«Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап, жанжалдың тез арада шешілетініне үміттенеміз», делінген хабарламада.
Сондай-ақ корпорация атынан халықаралық ұйымдар арқылы Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион иен (774 мың доллар) жіберілетіні атап өтілген.
Бүгінде Ресейде ресми тіркелген жапондық компаниялардың үштен бір бөлігінен көбі Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден кетіп немесе елдегі қызметін тоқтатты.
Олардың ішінде Toyota Motor, Nissan Motor және Bridgestone автокөлік өндірушілері, әлем бойынша ең ірі шина өндірушілердің бірі Bridgestone бар.
Сондай-ақ Fast Retailing Co. компаниясы елде Uniqlo киім дүкендерінің жабылатынын хабарлады.
Аяна Тоғанбек