Ауа райы • 20 Сәуір, 2022

Алдағы күндері қар жауып, ауа температурасы төмендейді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері қар жауып, ауа температурасы төмендейді

Болжамға сәйкес, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды. Ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны ала келеді.

«Жаңбырдың соңы қарға айналып, түнде ауа температурасы  3-8 градус аязға дейін төмендейді. Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста жауын қарға айналады. Бірақ оңтүстік өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Бұның себебі - оңтүстік ауа массалары. Бұл аймақтарда найзағай болып, қысқа мерзімге жаңбыр жауса да, жоғары температура фоны сақталады», делінген хабарламада.