Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауыты диқандарға 109 мың тонна дизель жөнелтеді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауыты көктемгі дала жұмыстары үшін диқандарды 109 мың тонна дизель отынымен қамтуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауыты диқандарға 109 мың тонна дизель жөнелтеді

«Энергетика министрлігі бекіткен кестесіне сәйкес 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизельдік отынмен қамтамасыз ету басталды. Атырау мұнай өңдеу зауыты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 109 мың тонна дизель отынымен қамтуды көздеп отыр. Наурыз айында диқандарға 22,6 мың тонна дизель отыны жөнелтілді. Ал, сәуір айында қосымша 26 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізіледі», деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметі.

Дизель отыны Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтіледі.

Соңғы жаңалықтар