Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

Түркістан облысында әйел кісі 24 жыл құжатсыз жүрген

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері 24 жыл бойы төлқұжатсыз жүрген әйелге құжат алып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында әйел кісі 24 жыл құжатсыз жүрген

«Созақ аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне орта жастағы азамат жеке басын куәландыратын құжат алуға өтініш білдірген. Ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойы құжатсыз жүрген», делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеп берген.