Алтын медаль үшін айқаста 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық палуан ирандық спортшыдан 3:4 есебімен ұтылды.
Осылайша, Диас Қален Азия біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.
Енді қазақстандық жанкүйерлер қола медальға таласу үшін боз кілемге шыққан Санжар Серікханға үміт артады.