Үш рет қатарынан Парламент депутаты болып сайланған, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар одағының мүшесі, бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұстаздық ететін руханият меценатын әңгімеге тартқанымызда: «Елу жылға жуық кітап жинадым. Ішінде 1966 жылы Ташкент ирригация инженерлері институтының 1-ші курсында оқып жүргендегі алғашқы шәкіртақыма Алай базарынан сатып алған Сергей Есениннің 3 томдық шығармалар жинағы бар. Ол уақытта жақсы кітаптар өте сирек кездесетін. Үшінші курста достарымызбен бірге қағаз қалдықтарын тапсырып, өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науаидың 2 томдық шығармалар жинағына қол жеткізгендегі қуанғаным күні кеше сияқты еді. Содан бері тірнектеп жинаған кітаптарымды өзім оқыған «алтын ұяма» сыйға тартуды жөн санадым. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін әр адам өз қалауымен жеткізеді. Мен кітаппен жеткіздім. Ауыл жастары білімге қайта ден бұра бастаған кезде бұл қазына қаншама өреннің өмірден өз жолын табуына жарық шырақтай жәрдемдесеріне сенемін», деді. Айта кету керек, бұл М.Кемелдің оқу орындарына көрсеткен алғашқы көмегі емес, бұған дейін 400-дей кітапты Астанадағы «Отырар кітапханасына» тапсырған болатын.
Аядай ауылды қазақтың бүкіл қаламгер тұлғасының рухы нұрландырып жібергендей, дәл мынадай ұшан-теңіз мол дүние, кітап қоры өте сирек кездесетін жағдай. Сөреде көптеген танымал авторлардың көптомдықтары қаз-қатар тізілгенде, інжу-маржан толы байлыққа кезіккендей әсер түйдік.
«Өзім оқыған мектебімде жеке кітапханамды ашамын деген ойымды естіген көп азаматтар көмектерін аяп қалған жоқ. Руханият жанашыры Иманғали Тасмағамбетов Оралханның шығармаларын, марқұм Фариза апамыз қайтыс боларының алдында 150-дей кітабы мен журналын, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқаров «Қазақтың мың әні» мен «Қазақтың мың күйі» таспаларын, жүзге жуық балалар әдебиетін, «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы түрлі энциклопедиялық еңбектер мен «Тәуелсіздік», «Астана» жинақтарын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Шәкәрім» атты еңбегін сыйға тартты», дейді М.Кемел.
Кітапхана орыс және шетел әдебиеті қазынасымен байыды. Көптомдық еңбектердің жалпы саны 500-ге жуықтайды. Бұларға қоса «ЖЗЛ», «Классики и современники» серияларымен шыққан 80 кітап бар.
Балаларға арналған әлемдік әдебиеттің 80 томы, «Орыс халық ертегілерінің» 2 томдығы, Жюль Верннің – 8, Александр Дюманың 12 томдықтары, орыс тіліндегі «Елдер мен халықтар» атты энциклопедияның 10 томдығы, «Қазақ ертегілері» мен үндінің «Махабхаратасы», түрлі-түсті суреттермен көмкерілген ондаған ертегі кітаптар, сондай-ақ 100-ге жуық «Балалар әдебиеті» сөрені толтырып тұрды.
Алты қатарлық 12 сөренің екі қатары түгелдей М.Кемелдің өзінің кітаптарына берілген. Олардың ішінде «Өзімді іздеп жүрмін», «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ», «Бес бәйіт», «Көгілдір кітап», «Шәкәрімнің ар ілімі», «Көңіл күнделігі», «Өнеге», «Ғибрат», «Ақыл қалта» кітаптарының әрқайсысы 2-5 данадан қойылған. Сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шеберлік сыныбын өткізіп жүрген автордың «Әдеп негіздері», 2 томдық «Өзін-өзі тану», «Өзін-өзі тану пәні бойынша танымдық дәріс» еңбектері, «Мың ой», «100 тілек» және орыс тілінде жарияланған «Уроки мудрости», «Бизнес в афоризмах» атты кітаптары, қазақ және орыс тілдеріндегі «Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі» сияқты басқа да оқу құралдарын қосқанда, бас-аяғы 100-ден асып жығылады. «Ғылыми-танымдық әдебиет» атты қазақша және орысша бөлімдердегі Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптарын, сұхбаттарын, жолдаулары мен түрлі танымдық еңбектерді қоса қамтығанда мыңнан асады.
Жалпы аумағы 48 шаршы метрлік кітапханалық бөлменің іші заманауи күрделі жөндеуден өткізілген. Сөрелер су жаңа. Теледидар, бейнемагнитофон, ғаламторға қосылған компьютер сынды оқушының кітапханаға жиі бас сұғуына жағдай туғызылған. 1200 оқушысы бар мектептегі кітапхананың тұсаукесеріне ардагерлер, ауданның құрметті азаматтары жиналды. Аудан әкімі Серік Тұрбеков жүрекжарды лебізін білдірсе, ардагер Тойым Жүнісов мектеп кітапханасына өз атынан 11 кітапты әкеліп қосты. Ал Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Үмбетаев институт ғалымдарының еңбектерін тапсырды.
Кітапхана ашылды, ішінен жібек шашылды демекші, ауыл балалары қуанып жатыр. Әрі қарай тағы не істелмек? Қаламгер қайырымдылықты қысқа қайырмай, кітапханадағы мерзімді басылымдарға жазылуды өз мойнына алды. Кітап қоры дегеніңіз дамылсыз соға беретін тамыр ғой. Сол тамырмен жазушы жүрегі бірге соғып, тапқан олжасын осы кітапханаға табыстап отыруға тас бекінді.
Жолбарыс ТІЛЕУҰЛЬІ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12