Ауа райы • 21 Сәуір, 2022

Бірнеше өңірде күн суытып, жаңбыр жауады

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше өңірде күн суытып, жаңбыр жауады

«Атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін сақтайды – жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр, солтүстікте жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында. 

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с, солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысында түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады, найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз оңтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м / с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.