Ажалдан ешкім қашып құтылмайды, сондықтан адам баласы оған мойынсынып, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір келетінін ойлаумен өмір сүреді. Тек, өлімнің де тілегі бар, ол – о дүниеге жаны қиналмай, азап көрмей аттану, қара жер қойнына он екі мүшесінің сау баруы.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін қиған, осыншама отбасыға тауқымет азабын тарттырған қасіретті сойқан ретінде тарихта қалды. Оқ тескен ішек-қарны шұбатыла еңбектегендер, жарықшақ тиіп қақ айырылған басымен сасқаннан жандәрмен жүгіргенде сап-сары миы жан-жаққа шашырай ақтарылған жауынгер, бір өзінен 20-ға тарта оқ жарықшақтары алынған майдангер, тағы басқа соғыстың жантүршігерлік қасіретті оқиғалары ардагерлер аузымен естелік ретінде айтылып, кітаптарда қанға малынған сиямен жазылып келеді. Тағдырдың айдауымен тұтқынға түскендердің лагерьлерде қандай азаптаулар көргендігі де өз алдына зерттеуді қажет ететін үлкен әңгіме. Лагерьлерде түрлі азаптаулардан, ауру-сырқаудан, аштықтан көз жұмғандардың шаштары мен терілерінен әйелдерге арналған биік өкшелі туфли, сөмкелер дайындалғаны туралы деректерді де әр жер-әр жерден көзіміз шалып қалып жүр. Сөйтсек, Ұлы Отан соғысы жылдарында адам терісінен, дәлірек айтсақ, жауынгер терісінен тігілген бұйымның бірі Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы екен.
– 1995 жылы Жеңіс мерекесінің 50 жылдығына орай мұражайда арнайы көрме өткізген едік. Көрмені тамашалауға келген көрермендер арасынан Ақтау қаласының тұрғыны Лесицын өзінде адам терісінен жасалған портмоне бар екендігін айтып, арада көп уақыт өтпей мұражайға әкеліп тапсырды, – дейді Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қор бөлімінің бас қор сақтаушысы Жадыра Кетеева.
Жадыра әдемі қорапшадан шығарып үстел үстіне қойған қоңырқай түсті портмонені қолға ұстаудың өзі қиын. Тітіркенесің. Әйтсе де, ұстадық...
Тігінен ашылатын портмоненің ені 10 см., ал ұзындығы 15,5 см. екен. Дизайны сол кездің өлшемімен алғанда тәп-тәуір – іші төрт бөліктен тұрады. Бір бетінде қалташа бөліктерді бекітетін арнайы белдігі де бар. Ішкі бетін, яғни портмоне астарын матамен ызған.
Бұл – соғыс жылдарындағы атыс-шабыс былай тұрсын, адами құндылықтарды, ар-иман атаулыны жиып тастап, адамды айуандықпен жазалағандығының бір дәлелі. Атасын, әкесін, бауырын жоғалтып қанша жан «аһ» ұрды, қанша ана ұлын күтумен өтті өмірден, қанша ұрпақ хабарсыз кеткен бабалар туралы бір дерек табылар ма екен деп әлі де ғаламтор сайттарына үңілуде. Ал, сүйегі өртеліп, сыпырылған терісі бұйымға айналған бейбақ кім екен?! Бұл – соғыстың ашылмайтын мәңгі жұмбағы...
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12