10 Сәуір, 2014

Ауру мұғалім мектепте қайтіп сабақ береді?

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраудағы орта мектептердің бірінде туберкулездің ашық түрімен ауыратын психологтың жұмыс істейтіндігі анықталды. Бұл деректі газет тілшісіне Атырау облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы Арай Қайсенғалиева жеткізді. Жалпы жұртшылық, соның ішінде мектеп жасындағы балалар үшін өте қауіпті жұқпалы дертке шалдыққан психолог жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұрған. Тек биылғы тексерістен өткенде ғана туберкулездің ашық түрімен ауыратындығы анық­­­­тал­ған. Алайда, психолог жұмыс істеген мектепте карантин жарияланған жоқ. Қазір мектепке дезинфекция жасалған. Сонымен бірге, сырқатқа шалдыққан психологпен қарым-қатынаста бол­ған 114 қызметкер мен 154 оқушы тексерістен өткізілуде. Өйткені, туберкулездің ашық түріне шалдыққан психолог жоғары сыныптарға өзін өзі тану пәнінен де сабақ беріп келген екен. Сонымен бірге, Мақат ауда­ны­ның орталығы Мақат кентіндегі бір бала­­бақшаның және Доссор кентін­дегі екі мектептің асханасынан ішек таяқ­­­ша­сының бактериялары анық­талып отыр. Мектептер мен балабақша­да­ғы сани­тарлық жағдайдың талап­қа сай еместігін анықтаған Мақат ауда­ны­ның про­куратура қызметкерлері 936 ба­ла­ның құқығын қорғап қалды. Әйт­пе­генде, осынша бала ішек таяқша­сы бактериясын жұқтыруы әбден мүмкін еді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.