Қазақстан • 21 Сәуір, 2022

Барлық мектептегі дәретхана мәселесі келесі жылы шешіледі

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенат отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық мектептегі дәретхана мәселесі келесі жылы шешіледі

«Екі жыл бұрын елдегі 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан еді. Жалпы мектептеріміздің саны 7500 екенін ескерсек, бұл өте үлкен пайыз. Екі жылда күрделі жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта 50-ге жуық көше дәретханалары қалды. Бұл үлкен прогресс. Дегенмен, бұл өте қиын жұмыс, өйткені сол 2700 мектептің көпшілігінде кәріз де, сумен жабдықтау да болған жоқ. Әсіресе бұл орталықтандырылған кәрізі жоқ, суы жоқ ауылдық елді мекендер еді», деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, келесі оқу жылы басталғанша әкімдіктер 50 мектептегі дәретхана мәселесін толық шешіп бермек.