Қоғам • 21 Сәуір, 2022

200-ден астам қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы мемлекет әлеуметтік тапсырыстарға 14,5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

200-ден астам қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

«Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар арқылы қаржылық қолдауға ие болуда. Мәселен, былтыр мемлекет тек қана әлеуметтік тапсырыстарға 14,5 млрд теңге бөлді. Еліміз бойынша қоғамның сан түрлі бағыты бойынша 2 мыңға жуық жоба іске асты. 500-ден астам ұйым қаржы алды. Сондай-ақ жалпы көлемі 1,5 млрд теңгені құрайтын 50-ден астам гранттық жоба іске асырылды», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қоғамдық кеңестердің қызметі жандандырылды. Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға кеңестердің рөлін арттыру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Осы өзгертулер квазимемлекеттік сектордың 13 субъектісінде қоғамдық кеңестер құруға мүмкіндік берді.

«Қазіргі таңда қоғамдық кеңестердің саны 253-ке жетті. Оларға 3 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, мемлекетті басқаруға өз үлестерін қосуда. 200-ден астам кеңес өз құрамын жаңартты», деді М. Қожахмет.