Қаржы • 21 Сәуір, 2022

Қазақстанның Даму Банкінің жиынтық табысы өсті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Даму Банкінің жиынтық табысы өсті

Құжатқа сәйкес, Банктің жалпы жиынтық табысы бір жыл ішінде 17%-ға, ал активтер көлемі 21%-ға өсті.

«2021 жылы Қазақстанның Даму Банкінің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу серпінін жалғастырды. Пайданың ұлғаюы Банктің таза пайыздық кірісінің өсуімен, сондай-ақ клиенттерге берілген қарыздарды толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеуден түскен жоспардан тыс кірістер үлесіне байланысты», деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасының қаржылық басқару мәселелері жөніндегі орынбасары Ботагөз Әбішева.