Қазақ прозасында шоқтығы биік туынды – «Қараой». Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың аты аталып, есімі еске түскенде басқа көптеген шығармасынан ерекшеленіп, бірден осы «Қараой» санамда жаңғырып шыға келеді. Содан келіп оны қайталап оқуға ынтығасың, асығасың. Әдеби шығарманың бір құдіреті өзіне ынтықтырып, баурай білуінде. «Қараой» да солай, өзіне тартады да тұрады. Оның сыры неде екен, а? Әңгімеде ерлігімен, өр тұлғасымен, рухты жырларымен, бөлек болмысымен дараланған Махамбеттің соңғы күні көркем шындықпен суреттелгеніне дау жоқ.

Махамбет – қазақ үшін мәңгілік тақырып («Қараойда» автор Махамбеттің есімін жазғанда «қ» әрпін қолданған, сондықтан біз де солай жаздық). Осыған жан тебіренісімен кіріп, ақын Мақамбет пен батыр Мақамбеттің, әке-отағасы Мақамбеттің ішкі әлеміне бойлай енген жазушының «Қараой»-ы әдебиетіміздегі осы тақырыпта жазылғандардан бәсі жоғары. Жазушының тұрлаусыз тағдырымен бетпе-бет жалғыз қалған, өмір ызғарының өтінде өзі ғана емес отбасы да қалтыраған жаралы ақын арманының, өзегін өртер өкініші мен бірде байыз тапқан, бірде алақұйын көңіл күйін өрнекті тілімен шебер кестелеген. Күзгі Қараойдың көңіл ауанына сай кейде ішін бере әдемі көрінетін, кейде сыртын бере сүреңсіз кескінін ескі қоңыр шәлідей жайып салатын көрінісін астастыра суреттейді.
Қараой өңірі – қасиетті мекен. Ақынның жауларынан бой тасалап келген, қысылтаяңда пана тұтқан жері. Бірақ бұл мекен Мақамбетке пана болмады.
«Таң көктемнің таңындай толықсып атты. Күз таңының мұншалық сұлулығын бұрын көрген емес-ті. Күн де көктемнің күніндей айдарланып, сансыз алтын найзасын шашағымен шашырата шықты. Қазіргі сәтте шашақты найзадан айырылған күн күйеудің жыртысқа түскен сал орамалындай пәршектенген кіреуке бұлттардың арасынан сығалап қарайды. Асқа тіккен алтын жамбыға да ұқсап кетеді...» Осындай әсем көріністі Қараойда қан төгілді. Қазақ үшін қасиетті қан. Бірақ бұған Қараойды кінәлауға бола ма? Жоқ, әрине.
Әңгімеде Мақамбеттің әлдебір жамандықты іші сезіп тынышының кетуі, алаңкөңілде күй кешуі, кейде сабырға келіп, өзін-өзі ұстауы, жан әлемін жақсы, ізгі үмітке толтыруға тырысуы, қысқасы аумалы көңіл күйі табиғатты суреттеу арқылы берілгендей. «Мақамбет басқа ғаламнан келгендей, Қараойды жаңа көргендей сезінеді. Баяғы балдай балалық, сағынышты шақ қалған ойпаң – көзіне оттай ыстық та, жаудай жат та. Ынтыға есейген, торыға тоқыраған, дерттен қайта ашынған ақын Қараойды бірде қайта құтайған құтқа баласа, бірде елі ауып кеткен сары жұрттың төрінде төңкеріліп жатқан қара шаңыраққа ұқсатады. Көзі көміліп қалған бұлақ, бастаулар тілі байланған шежіредей ыммен сыр шертсе, сансыз жылдың дауылына, жауынына шыдаған тамырлы өсімдіктер көзі тірі куәдай сыбдырлайды».
Әңгімеде жаудан іштен шыққан сатқынның аса қатерлі, жақыныңның, сенгеніңнің дұшпаныңның өзіңе сілтер қолшоқпары болғаны қорлық екені бүкпесіз баяндалады. «Мақамбет Ықыластың кешіккенінен қобалжулы екенін енді-енді анық сезіне бастағандай. Кейінгі келгенінде: «Мақа, сізді қалың ел қорғаштауда. Келер жолы сенімді кісілерді ерте келмекпін» деген. Бұған иланған Мақамбет жансыз жолаушының артынан сүйсіне қарап тұрғанда, оның күдірейген жауырынынан күдік алып қалып еді. «Мына сұңғыла мырс-мырс күліп бара жатқан жоқ па?» деп сазарған». Мақамбеттің бойындағы сенім мен күмәннің айқасы, күдігі басым болса да сенімінен сырт айналмай, екіұдай күй кешуі осылай қарапайым суреттеліп келеді де, ары қарай былай баяндалады: «Осы жасқа шейін Мақамбеттің сенген жаны көп те, сенімін ақтағаны аз. Көзіне шөп салғандарын ойына алғысы да келмейді. Әсіресе Мақамбеттің басына Баймағамбет сұлтанның мың сом тіккені туралы құбыжық лақап таралғалы бері өзгерімпаздықты ойлауға жүрексінеді. Көлеңкесінен қорыққан қоянға ұқсағысы және келмейді. Тәуекелдің жел қайығын кімнің сындырары мәлімсіз. Исатайы келмеске кеткесін-ақ тағдыры ауытқуға ұшырағанын Мақамбет пайымдайды». Бұл – Исатайы мерт болып, жалғыздық қапасына қамалғалы көп өткен, арқа сүйер ешкімі қалмаған, әділетсіз соқыр күш Қараойға тықсырып әкелген Мақамбеттің сатқындықтан аз жапа шекпегенінен сыр суыртпақтағаны.
Мақамбет жауының алдында мәймөңкелемейді, аласармайды. Сөйтпесе ол Мақамбет бола ма? «Мақамбетті сұлтанның ордасына шақырғанда, Баймағамбеттің ойы сағы сынған, тауы шағылған ақынды сарайға бұлбұлша сайратып қоймақ-ты». Құдай-ау, Мақамбеттің сағы сынушы ма еді. Тауы шағылған адам Баймағамбетке қарсы: «Ежелгі дұшпан ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп, кесіп айта ма? Енді оның дұшпаны не істемек керек? Қанатын қайырдым, тәубесіне түсірдім дегені өзіне қырандай шүйлігіп тұр. Сан айлалы сұлтанға дұшпанын тұқыртудың амалын табу қиын болып па? Сатқындық машинасын іске қосса, жетіп жатыр емес пе? Мақамбеттің жанынан жансыз-сатқын табу, не тәйір? Сатқын қиындықсыз табылды, ол – «Қараойға бекінген Мақамбеттің қара шаңырағын бейілдес елмен астарластырушы – Ықылас». Мақамбеттің жақыны.
Ешқашан көңілін жығып көрмеген Ықыласқа Мақамбет аса сене қоймайды. Өйткені «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатындар Мақамбетке қияметтік дос бола алмақ емес. Ықыластың дастарқандық қомағайлығы енді қобалжу туғызғандай». Қайта оралып соғуға тиіс Ықыластың кешігіп жатқанына күдіктенген Мақамбет барар жер, басар тауы қалмаса да бір амалын тауып отырған жерінен жылыстап кетуіне болар еді «Ықылас адал боп шықса, ертең оның бетіне қалай қарамақ. «Қатындай қашты!» деген қара қаңқудан немен құтылмақ», деген ойы етектен басқан.
Жазушы ақынның басына қатер төніп келе жатқанын әңгіме басталғаннан-ақ сездіреді. «Мақамбет бүркіттей түйіліп, аспанға қарайды. Кіреуке бұлт қоюлана түскен. Бағанағы алтын жамбы жездей ғана жылтырайды. Қараойды айнала қоңыр көлеңке қонып, тұнжыраған мұңды әдіптеп тұр».
Өзді-өзімен оңаша ой семіртіп, жан дүниесі аласапыран күй күшкен ақынға, Қараойға туысқан, жанашыр кейіптегі Ықылас бастаған, араларында Жаңаберген би бар көр соқыр, қорқақ, пенделіктің батпағына белшеден батқан топ салып-ұрып келеді. Мақамбет қанша жерден секемдесе де оларды бауырларым, мүдделестерім деп қабылдады. «Жұмбақ жолаушылар аттарын шідерлеп отқа қоя бергенде, «Е, тәйірі, бауырларым екен ғой!» деді Мақамбет.
Көрсоқыр әрі қорқақ топ батырды қарусыздандырып алды. «Ел ағалары ұшып-қонбай, жата-жастана кеңесер болар. Шекпеніңді сыпыр, белдігіңді шеш. Қанжарыңмен үрейімізді алма». Бұл Жаңаберген бидің сөзі. Мақамбет айтқанын риясыз пейілмен орындады. Одан әрі үнқатысу былай өрбіді: «Жаңабергеннің қызыл күрең жүзі шамалы қуқыл тартты. Тісін аршамен шұқып жатып:
– Мақамбет қарағым, сонымен, не істемек ләзім? – деді. Мақамбет кәрі жыны қызып, саңқылдады.
– Дұғадан, батадан Баймағамбет сұлтанның аузы-басы қисаймайды. Тасаттық азаттық әкелмейді. Қару жию керек. Еркек кіндікті атқа қондыру керек. Сіз-ақ бастаңыз. Мен – қоштайын. Жаңаберген Ықыластың бетіне қарады. Ықылас саусағын сыртылдатып:
– Еркек кіндікті Жайықтан өткізе алсақ... – дей бергенде, Мақамбет қайта саңқылдады.
– Серкесі болсаң, өтеді. Ал егер, сасық текедей бақылдап, көткеншектесең, құрдымға кім түседі?» Мақамбеттің осы сөзі Ықыласқа бәлені бастауға сәтті сылтау-желеу болды. «Е, анаңды...» деген Ықылас малдас құрып отырған Мақамбетке бас салды. Басқалары да жабыла кетті. Мұның соңы...
«Мақамбет тілге келмей кетті. ...Қараойдың қойнауында қаралы үй жапа-жалғыз қала берді». «Әуес күйеуін құшақтап, қыздай сыңсыды. Нұрсұлтан етпеттеп еңіреді». «Сол түні ай тұтылған...». Қараой оқиғасы осылай аяқталды. Аяқталды дегеннен гөрі Мақамбеттің халқымен мәңгілік бірге жасар өмірі осылай басталды. Оқиға қасірет жырының өзегіне айналды.
Тәкен Әлімқұлов «Қараой» арқылы көзі қарақты қазақты Мақамбеттің биік рухының, өршіл болмысының сырын ұғуға меңзеп кетті. Бұл сырдың өн бойында ұлтымыздың ұлы арманы жатқанын түсінер ұрпағымыз болғай.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар