Әлем • 22 Сәуір, 2022

Украинада әскери жағдай режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Жоғары Радасы елде жарияланған әскери жағдай режимін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz Укринформға сілтеме жасап.

Украинада әскери жағдай режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

«Жоғары Рада елдегі әскери жағдай режимін 25 мамырға дейін ұзартты», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеген еді.