ANTIKOR • 22 Сәуір, 2022

Кәрім Мәсімовтің інісі пара алды деген күдікке ілінді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімовтің інісі пара алды деген күдікке ілінді

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», делінген хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.