«Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарды қолдау үшін Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тиісті Жарлық жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
Президенттік сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтарына табысталатын болады», делінген Е. Тоғжановтың жауабында.
Оның атап өтуінше, отандық әдебиетті қолдау үшін қолданыстағы заңнамада жеткілікті тетіктер қарастырылған.