ANTIKOR • 22 Сәуір, 2022

Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Агенттік Төрағасы О. Бектенов, Қоғамдық кеңес төрағасы Д. Қыдірәлі және қоғам белсенділері қатысты.

Кеңестің жаңа мүшесіне мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы С. Сапиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Д. Смағұлов кірді.

Отырыста ҚР Президентінің «мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды.

Агенттік Төрағасы О. Бектенов мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар өте маңызды және уақтылы екеніндігін, Антикор жекелеген бизнес-процестерді оңтайландыруды бастағандығын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес мүшелеріне көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ полицейлердің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы айтылды.

1

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», деп атап өтті Олимпиада чемпионы С. Сапиев.

Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат негізінде қабылданған Тұжырымдаманың зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын атап өтті. Аталған құжат аясында алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын табады.