Аймақтар • 22 Сәуір, 2022

Ақмола облысында скутер мінген жасөспірім жылқыны қағып кетті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол көлік-оқиғасы 20 сәуірде Астрахан ауданы Лазовое ауылының маңындағы ауыларалық жолда орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында скутер мінген жасөспірім жылқыны қағып кетті

Фото: Zakon.kz

Бастапқы ақпаратты жинау барысында полиция қызметкерлері Raller скутерді жүргізген жергілікті орта мектептің 7-сынып оқушысы жылқыны қағып кеткенін анықтады.

Сондай-ақ соқтығысу кезінде бақташы жылқылардың табынын жол арқылы айдап әкетіп бара жатқаны белгілі болды.

Ал кәмелетке толмаған жүргізушінің айтуынша, оған жылқымен соқтығысып қалмау үшін қарсы келе жатқан автокөлік кедергі жасады.

ЖКО салдарынан түрлі жарақаттармен емдеу мекемесіне скутердің 14 жастағы жолаушысы жеткізілді, оның жүру кезінде қорғаныс шлемі болмаған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астрахан ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.