Оқиға • 23 Сәуір, 2022

Елордада жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқ ұсталды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 27 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқ ұсталды

«Ол 60 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасатып беруге уәде беріп, қала тұрғынының ақшасын алған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ізін суытқан», деп көрсетті тәртіп сақшылары. 

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.